Олимпиада жүлдегерлері қай қазақстандық клубтың жанкүйері?
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Парижде өткен Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған Назым Қызайбай, Александра Ле және Ислам Сәтпаевты құттықтап, оларға арнайы есімдері жазылған жейделерді сыйлады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Назым Қызайбай бокстан қола медаль иеленсе, Александра Ле мен Ислам Сатпаев нысана көздеуден қола жүлдеге қол жеткізді. Үш спортшы да Алматы қаласы атынан сынға түскен, сондықтан «Қайрат» футбол клубы оларға құрмет көрсетіп, салтанатты түрде есімдері жазылған футболкаларды табыс етті.
Марапаттау рәсімі Қазақстан премьер-лигасының 17-турында «Қайрат» пен қостанайлыұ «Тобылы» арасындағы (2:2) матчтың үзілісінде өтті. Олимпиада жүлдегерлері матчты стадионның құрметті қонақтар орындығынан тамашалады. Ойыннан кейін, Олимпиада чемпиондары «Қайрат» футболшыларының киім ауыстыратын бөлмесінде оларға барып, естелік суретке түсті.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)