«Тобыл» өз қақпасына 4 гол өткізіп алды
УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында қостанайлық "Тобыл" сырт алаңда швейцариялық "Санкт-Галленге" қарсы ойнады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
УЕФА Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында өткен бұл матчта "Санкт-Галлен" командасы қостанайлықтардан 4:1 есебімен айласын асыра білді.
Ойынның 28-минутында "Санкт-Галлен" клубының ойыншысы Альберт Вальчи өз қақпасына автогол соғып алды. Матчтың 35-минутында швейцариялық команданың футболшысы Михайло Стеванович есепті теңестірсе, 39-минутта Чадрак Аколо бос қақпаға гол соғып, есепте алға шықты. Матчтың 77-минутында "Санкт-Галленнің" ойыншысы Бастиан Тома гол соқса, бірінші таймда өз қақпасына гол соғып алған Альберт Вальчи ойынның 90+7-минутында есепті 4:1-ге жеткізді.
Қос команда арасындағы қарымта кездесу 1 тамызда Қостанайда өтеді.
"Санкт-Галлен" – "Тобыл" жұбының жеңімпазы келесі кезеңде "Рига" (Латвия) – "Шленск" (Польша) арасындағы матчта жеңіске жеткен командамен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде қостанайлық клуб екі ойынның нәтижесінде словакиялық "Ружемберок" (2:5, 1:0) клубына есе жіберіп қойған болатын.
-
28 қазан, 2024
Мен нағыз алқаштан туған қызбын – танымал тиктокер (видео)
-
24 қазан, 2024
Оқушы қыздар мұғалімді аямай соққыға жықты (видео)