Шавкат Рахмонов өзінің ең қауіпті қарсыласын атады Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық файтер мәлімдеме жасады

Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-дегі өзінің ең қауіпті қарсыласы ретінде кімді көретінін мәлімдеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

 – Сен қазір Белалды өзіңнің ең мықты қарсыласың ретінде көресің бе? 

"Қазіргі таңда Белал өз мансабының шарықтау шегінде жарқырап жүр. Мұны Леонмен өткізген жекпе-жегінен кейін көруге болады. Бірақ, бұл мен үшін маңызды емес. Қазір бәрі менің қолымда. Оны жеңіп кететініме сенімдімін. Қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Не болатынын көреміз",-  деді Рахмонов.