Азуын айға білеген "Челси" Астанаға келеді Shaun Botterill/Getty Images

«Астана» клубы топтық кезеңде «Челсимен» кездеседі

Бүгін, 30 тамызда Монакода УЕФА Конференция лигасының жеребесі тартылды, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Бұл турнирдің форматы биыл түбегейлі өзгерді. Елордалық "Астана" клубы УЕФА Конференция лигасының 2024/25 жылғы маусымында "Челси" (Англия), АПОЭЛ (Кипр), "Пафос" (Кипр), "Витория" (Португалия), "Нью-Сейнтс" (Уэльс), ТСЦ (Сербия) командаларымен кездеседі.

"Астана" жалпы алты матч өткізеді: үшеуі өз алаңында, үшеуі қонақта. "Астана" клубы өз алаңында "Челси", "Витория" және ТСЦ командаларына қарсы ойнайды, ал қонақта АПОЭЛ, "Нью-Сейнтс" және "Пафос" ұжымдарына қарсы кездесу өткізеді.