Бұл сыйлықты Алматы қаласының кәсіпкерлері сыйға тартты
Олимпиада жүлдегері Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтер сыйлады,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
ҚР Конституциясы күніне орай № 9 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов марапатталды.
Алматы қаласың Билалдин Ушуров бастаған кәсіпкерлері қазақстандық гимнастқа 2 бөлмелі пәтерге сертификат табыс етті.
"Ең алдымен, меценаттарымызға, бизнесмен ағаларымызға маған екі бөлмелі пәтер сыйлаған үшін алғысымды білдіргім келеді. Шындығында, мен мұндай сыйлық аламын деп күткен жоқпын. Бұл үлкен бақыт, мен үшін бұл менің жаңа өмір жолыма үлкен көмек болады.
Менің тарихи жеңісім үшін мұндай сыйлық маған әрі қарай көп жаттығуға мотивация береді. Мен алдағы төрт жылда алтын медаль алу үшін бар күшімді саламын", - деді Нариман Құрбанов.