Қазақстан футбол федерациясы кімге керек?
Қазақстан шахмат федерациясының президенті, миллиардер Тимур Турлов өзінің футбол федерациясына басшылық қызметке ауысатыны жөнінде тараған ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Тимур Турлов бұл сауалға нақты жауап қайтармаса да, өз орнында қалатынын баса айтты.
"Өз орнымдамын және болашағымды шахматпен байланыстырамын. Шахмат федерациясындағы жұмысымды жалғастырамын, қызметтен кететін ойым жоқ. Болашаққа үлкен жоспарымыз бар, себебі біз қазір 7-8 жасар балаларға инвестиция жасау керектігін білеміз. Ерлер құрамасына да көңіл бөлуіміз қажет. Біздің жігіттердің де әлем чемпионы атануға, үздік үштікке енуге әлеуеті жетеді.
Ұзақмерзімді инвестиция, яғни жастарға салынған қаражаттың арқасында алдағы уақытта бірінші орыннан көріне аламыз. Мұны рет-ретімен жоспарлап жүзеге асыру керек. Қуанатыным, әлі жаспын, тиісінше еңбегімнің жемісін де көре аламын, тіпті оған 15 жыл қажет болса да", – деді Тимур Турлов журналист Аян Төлегенге берген сұқбатында.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан футбол федерациясының басшысы қызметін Әділет Барменқұлов атқарып жүр.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)