Олар өз позициясын сақтап қалды
Әлемдік бокс ассоциациясы (WBA) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингтерін жариялады, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Қазақ боксшысы Иван Дычко ауыр салмақ дәрежесіндегі рейтингте 15-орында қалды. Аталған рейтингтің үздік үштігінде Мартин Баколе (Конго Демократиялық Республикасы), Тайсон Фьюри (Ұлыбритания) және Майкл Хантер (АҚШ) тұр. Чемпиондық белбеу украиналық Александр Усиққа тиесілі.
Бірінші жартылай орта салмақта Жанқош Тұраров жетінші орнын сақтап қалды, ал Батыр Жүкембаев тоғызыншы орында қалды. Бұл салмақтағы рейтингтің көшбасшысы – америкалық Кеннет Симс кіші, екінші орында – мексикалық Исаак Крус, үшінші орында Пуэрто-Рико өкілі Нестор Браво. WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы – америкалық Хосе Валенсуэла.
Сұлтан Заурбек екінші жартылай жеңіл салмақта үшінші орынды сақтап отыр, одан жоғары орындарды тек грузиялық Отар Эраносян және британдық Ли Вуд иеленген. Бұл дивизиондағы WBA әлем чемпионы – америкалық Леймонт Роуч.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?