Ол финалда украиналықты жеңді
Қазақстандық дзюдошы Санжар Еруланұлы Перуде өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп Dopmedia.kz хабарлайды.
Санжар Еруланұлы 90 кг дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Финалда қазақстандық спортшы украиналық Дмитро Лебиданы жеңіп, өзінің ең жоғары дәрежесіне қол жеткізді.
Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Санжар Еруланұлы турнирге екінші айналымнан бастап қатыса бастады. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, әрқайсысында қарсыластарын сенімді түрде жеңді.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?