Волейболшыларымыз жартылай финалға бір қадам қалғанда сүрінді instagram.com/csp_parasport.kz

Олар мысырлықтарға жол беріп қойды

Отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан құрамасы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында Мысыр командасына қарсы матч өткізді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

Бірінші партияда Мысыр өкілдері 25:21 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда да мысырлықтардың басымдығы байқалды – 25:23. Үшінші кезеңде Қазақстан құрамасы есеп айырмасын қысқарта алды – 25:16. Бірақ соңғы партияда Египет 25:18 есебімен басым түсіп, жалпы есепте 3:1 жеңіске жетті.

Айта кетейік, турнир барысында Қазақстанның волейболшылары бірінші матчта Франция құрамасын 3:0 (25:7, 25:20, 25:7) жеңді, ал кейіннен Босния және Герцеговина командасына 2:3 (24:26, 13:25, 25:14, 25:21, 8:15) есебімен жеңілді.