Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Мысыр құрамасына есе жіберді Мейіржан Амангелдиев

Қазақстан құрамасы Мысыр құрамасына қарсы ойнады

2 қыркүйекте волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Мысыр құрамасына қарсы ойнады. Бірінші сетте Қазақстан 21:25 есебімен жеңілді, екінші сетте 23:25 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Үшінші сетте Қазақстан құрамасы 25:16 есебімен жеңіске жетті. Алайда, төртінші сетте Қазақстан 18:25 есебімен ұтылып, матч нәтижесінде 1:3 есебімен Мысырға жеңілді.

Айта кетейік, Паралимпиада ойындарында сегіз команда қатысып, олар А және В топтарына бөлінген. Әр топтан жартылай финалға үздік екі команда шығады.
 Бұған дейін А тобының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы Францияны 3:2 есебімен жеңіп, Босния және Герцеговина командасына 3:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Босния және Герцеговина құрамасы Мысыр командасын жеңіп, жартылай финалға шығуға мүмкіндік алды. Ал, Мысыр құрамасы Франция мен Қазақстанды жеңіп А тобынан жартылай финалға шықты.

В тобында Иран құрамасы Бразилия мен Украинаны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды, ал Германия құрамасы Украина мен Бразилиядан басым түсіп, жартылай финалға шығу мүмкіндігін нығайтты.

Енді құрама команда Паралимпиада ойындарының бесінші орыны үшін таласты жалғастырады.