Бұл күн дүйсенбіге түсіп тұр
Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесі елімізде 16 желтоқсанда, дүйсенбіде атап өтіледі, - деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Осылайша, қазақстандықтар желтоқсанда Тәуелсіздік күніне - 2024 жылы 16 желтоқсанға қосымша демалады, демек:
бес күндік жұмыс аптасында - 14, 15, 16 желтоқсан демалыс күндері болады;
алты күндік жұмыс аптасында - 14 желтоқсан жұмыс күні, 15 және 16 желтоқсан демалыс.