Оразов? Қазақстандық футболшы Норвегияға қарсы ойынға қатыспауы мүмкін КФФ

Рамазан Оразовқа не болды?

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы, даниялық "Силькеборг" командасының ойыншысы Рамазан Оразов алдағы Ұлттар Лигасы аясында өтетін "Қазақстан-Норвегия" ойынына қатыспауы мүмкін. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.  

Оразовтың кішігірім жарақаты бар екен. 

Рамазан Оразовтың медициналық талдау нәтижелерін күтіп отырмыз. Аяғын бақылаймыз. Кусяпов келмеді. Самородовты қалпына келтіруге тырысып жүрміз. Ол командамен бірнеше жаттығу өткізіп жүр. Біз үшін мұндай жағдайда кез-келген ойыншының бірінші кезекте денсаулығы маңызды екенін білесіздер",-деді ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов. 

Қазақстан мен Норвегия құрамаларының арасындағы матч Алматы қаласында 6-шы қыркүйек күні өтеді. 

    Көп оқылды: