Сиыр құласа да, спортшыларымыз биіктен көріне білсін (видео) Фото ашық дереккөзден

Астана әкімдігі көпшілікті күлкіге қарық қылды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайы шақырту видеосын жариялаған Астана әкімдігі көпшілікті күлкіге қарық қылды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Жақында өтетін бұл аламанға жұртшылықты шақыру мақсатында Астана әкімдігі Instagram желісіндегі ресми парақшасына ерекше видео жариялады. Бұл видеода құлаған сиырдың бейнесі таспаланған.

"Сиыр құласа да, спортшыларымыз биіктен көріне білсін! 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 5 күн қалды", – деп жазды Астана әкімдігі.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйек аралығында өтеді.