Месси мен Роналдудың дәуірі бітті Фото ашық дереккөзден

Қос аңыздың футболдағы жорығы аяқталды

"Алтын доп" жүлдесінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында бұл жүлдеге үміткер 30 футболшының есімі жарияланды. Бұл тізімде Лионель Месси мен Криштинау Роналду жоқ, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

2023/2024 жылғы футбол маусымының қорытындысы бойынша "Алтын допқа" үміткерлердің кеңейтілген тізімі:

  1. Джуд Беллингем ("Реал Мадрид");
  2. Рубен Диаш ("Манчестер Сити");
  3. Фил Фоден ("Манчестер Сити");
  4. Федерико Вальверде ("Реал Мадрид");
  5. Эмилиано Мартинес ("Астон Вилла");
  6. Родри ("Манчестер Сити");
  7. Деклан Райс ("Арсенал");
  8. Гарри Кейн ("Бавария Мюнхен");
  9. Витинья ("ПСЖ");
  10. Коул Палмер ("Челси");
  11. Дани Карвахаль ("Реал Мадрид");
  12. Ламин Ямаль ("Барселона");
  13. Букайо Сака ("Арсенал");
  14. Вильям Салиба ("Арсенал");
  15. Хакан Чалханоглу ("Интер");
  16. Килиан Мбаппе ("ПСЖ" / "Реал Мадрид");
  17. Алехандро Гримальдо ("Байер");
  18. Адемола Лукман ("Аталанта");
  19. Лаутаро Мартинес ("Интер");
  20. Антонио Рюдигер ("Реал Мадрид");
  21. Артём Довбик ("Жирона" / "Рома");
  22. Эрлинг Холанд ("Манчестер Сити");
  23. Тони Кроос ("Реал Мадрид", мансабын аяқтады);
  24. Мартин Эдегор ("Арсенал");
  25. Дани Ольмо ("РБ Лейпциг" / "Барселона");
  26. Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид");
  27. Нико Уильямс ("Атлетик Бильбао");
  28. Флориан Вирц ("Байер");
  29. Гранит Джака ("Байер");
  30. Матс Хуммельс ("Боруссия Дортмунд" / "Рома").

Айта кетейік, 2003 жылдан бері алғаш рет тізімге Криштиану Роналду мен Лионель Месси енбеді. Месси сегіз рет "Алтын допты " жеңіп алған болатын (2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021, 2023). Бұл рекордтық көрсеткіш саналады.