Блогер Бейбіт Әлібековтің Lamborghini көлігімен трюк жасаған жігіт қаза тапты Фото: ашық дереккөз

Жас жігіт Lamborghini көлігінің астында қалған

29 қазанда 22 жастағы жігіт трюк көрсетпек болып, блогер Бейбіт Әлібековке тиесілі Lamborghini көлігінің астында қалған. Бүгін жас жігіт ауруханада қайтыс болған, деп Dopmedia.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы жағдай туралы блогер Бейбіт Әлібеков TikTok және Telegram арналарында тарап кеткен видеоүндеуінде айтты.

"Көптеген адам менің неліктен жоғалып кеткенімді сұрап жатыр. Өкінішке қарай, жаңалық жақсы емес. Менен көлігімді сұраған жігіт естеріңізде ме? Мен оған бермедім, Telegram-да мұны белсенді түрде талқыладық, бәрі бер деп өтінді. Оған көлікті трюк үшін бердім, қандай да бір байқау болды ма, нақты білмеймін. Ал оның трюк жасауға талпынысы нәтиже бермеді. Ол ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, өкінішке қарай, бүгін таңертең қайтыс болды", - деді блогер марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып.