Еркін Ғаббасов сый-құрметке бөленді
Цифрлық даму министрлігінің ұжымы Париждегі жазғы Паралимпиадасының күміс жүлдегері Еркін Ғаббасовты құттықтады, деп Dopmedia.kz тілшісі министрліктің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Паралимпиада жүлдегері Еркін Ғаббасовты құттықтап, "Үздік цифрландырушы" төс белгісімен марапаттады. Сондай-ақ cпортшының ипотекалық қарыздарын жабу мақсатында оған министрлік атынан 7 миллион теңгелік сертификат табыс етілді.
"Біздің қатарымызда Еркіннің болғанына мақтанамыз, ол Паралимпиададағы оқ ату бойынша Қазақстанға алғашқы медаль әкелді. Еркін 2014 жылдан бері Көкшетау мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келе жатқан білікті маман. Оның жетістікке жету жолы – табандылық пен қайсарлықтың тарихы", – делінген министрліктің хабарламасында.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)