Оның жолын кім кесті?
Кеше, 7 қыркүйекте күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарған Ризабек Айтұмхан Париж Олимпиадасына қатыса алмады. Ол өзіне берілген мүмкіндікті пайдалана алмады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Франция астанасы Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында еркін күрестен 97 кг дейінгі салмақта ел намысын Әлішер Ерғали қорғаған болатын. Ал 2023 жылы Сербияның Белград қаласында өткен әлем чемпионатынын алтынын жеңіп алған Ризабек Айтмұхан Олимпиадаға осы салмақта баратын бірден-бір балуандардың бірі еді. Париждегі аламанға көпшілік Ризабек барады деп күткен. Алайда жас балуанды тәжірибелі, тіс қаққан Әлішер Ерғали қапыда қалдырып кетті.
Биылғы жылдың ақпан айында өткен Қазақстан чемпионатында Әлішер Ерғали 14:10 есебімен Ризабек Айтмұханды жеңген болатын. Кейіннен Әлішер Ерғали Бішкекте (Қырғызстан) өткен күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Әбусайман Хабиладан басым түсіп, Олимпиада жолдамасын иеленді.
Сондай-ақ осы жылдың маусым айында Венгрияда өткен рейтингтік турнирде Әлішер Ерғали алтын жеңіп алса, Ризабек Айтмұхан қола медаль еншіледі. Осылайша, еш даусыз шешілген мәселеде Әлішер Ерғали Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды.
Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасында сынға түсіп, жұбаныш белдесуіне дейін жеткен болатын.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында Испаниядағы әлем чемпионаты мен 2023 Сербияныңғ Белград қаласында ересектер арасында өткен әлем чемпионатында алтыннан алқа тағынды.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?