Аргентина мен Испания құрамалары финалда ойнайды Omar Vega/Getty Images

Аргентина құрамасы Америка кубогының ақтық сынына шықты

Футболдан Аргентина құрамасы АҚШ-та өтіп жатқан Америка кубогының финалына шықты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Аргентина құрамасы жартылай финалдық кездесуде Канадамен ойнап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Аргентина сапынан Хулиан Альварес (23-минутта) пен Лионель Месси (51-минутта) көзге түсті. Осылайша, Аргентина 2024 жылғы Америка кубогының ақтық сынына шықты.

Аргентина құрамасының финалдағы қарсыласы Уругвай мен Колумбия арасындағы матчтан кейін белгілі болады. Бұл ойын 11 шілдеде Қазақстан уақытымен 05:00-де басталады.

Аргентина құрамасы 2021 жылғы Америка кубогының да финалында ойнап, Бразилияны 1:0 есебімен жеңген болатын. Аргентина командасы тарихында 15 рет Америка кубогын жеңіп алған.

Айта кетейік, Германияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының да алғашқы финалисі анықталды. Испания құрамасы Франциядан 2:1 есебімен басым түсіп, ақтық сынға жолдама алған болатын.