Еліміз үздік бестіктен көрінді
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күнінде спортшылар жамбы ату спортының мажар стилінен жеңімпаздар белгілі болды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Жамбы ату сайысына 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысып жатыр. Спортшылар
11 топқа бөлініп, өз тобынан мықтылар бақ сынады.
Жарыс нәтижесі бойынша Франция құрамасының спортшысы Raphael Malet Көшпенділер ойындарының алғашқы алтын медаліне ие болды. Күміс жүлдені Моңғолия Altankhuyag Nergui иеленді. Ал қола медаль Франция елінен Gaëtan Blot алды, деп хабарлайды Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама мүшесі Абзал Тұлыбеков үздік бестіктің қатарына енді.
«Мажар стилінің ерекшелігі – спортшы атпен жылдамырақ шауып, нысанаға көп оқ тигізу керек. Жебе санына шектеу жоқ. Қазақстан дирекциясы барлығын атпен қамтамасыз етті. Тоқсанға жуық атты дайындадық. Көшпенділер ойындары болғандықтан көп қатысушы келді. Көшпенділер ойындарына ұлттық құрама спортшылары үш ай дайындалды. Жыл басынан бері төрт оқу-жаттығу жинынөткіздік. Әр спортшыға жеке тактика әзірледік», – деді Жамбы атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Бадашев.
Айта кестек, Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетті. Спортшыларымыз бұған дейін Әлем, Еуропа чемпионаттарында жүлделі орындарды иемденген.
Спортшыларымыз алдағы үш күн 3 стиль (азия, түрік, қазақ) бойынша бақ сынасатын болады.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?