Аударыспақтан үш салмақ дәрежесі бойынша финалистер анықталды Көшпенділер ойындарының дирекциясы

Бүгін аударыспақтан алғашқы турнир басталды

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында аударыспақтан 60, 70 және 80 келі салмақ дәрежесінде финалистер мен қола жүлдегерлер анықталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Көшпенділер ойындарының дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Финалға жолдама алған балуандар:

60 келі:

Ермек Құралбай (Қазақстан)

Жексенбек Тұрдыбек (Қырғызстан);

70 келі:

Бақытгүл Райханұлы (Қырғызстан)

Алмат Ләтіпбек (Қазақстан);

80 келі:

- Дарын Өткелбай (Қазақстан)

- Нодиржан Джунайдуллаев (Өзбекстан);

 Ал қола жүлде ие болғандар:

60 келі:

Меліс Наурызбек (Моңғолия)

Алмас Камалдинов (Ресей);

70 келі:

Кодиржон Егамбердиев (Өзбекстан)

Өміртай Еркінбек (Моңғолия);

80 келі:

Қалыбек Бұзурманқұлұлы (Қырғызстан)

Илнұр Губайдуллин (Ресей);

Бүгін, 9 қыркүйек күні сағат 16:00-де Этноауыл аумағында аударыспақтан финалдық белдесулер өтеді. Жарысты «Астана» және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады.

Жарыс Астанадағы этноауыл аумағында өтіп жатыр.