Словениялық жанкүйерлер қазақтарға сес көрсетті
Бүгін, 9 қыркүйекте Ұлттар лигасының топтық кезеңі аясында Қазақстан мен Словения құрамалары арасында маңызды кездесу өтеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Словениялық футболшылар алғашқы турда Аустриямен тең ойнаған болатын, бұл жанкүйерлердің көңілінен шықпады. Сондықтан олар енді тек жеңісті көздеп, бас бапкер Станислав Черчесовтің шәкірттерімен ойында жеңіске жетуді мақсат етіп отыр.
Қазіргі уақытта Словения жанкүйерлері әлеуметтік желіде осы матчқа байланысты өз пікірлерін білдіріп жатыр. Олардың көпшілігі Қазақстанмен болатын кездесуге үлкен үмітпен қарайды. Алдыңғы кездесулердегі нәтижелер олардың бүгінгі жеңіске деген сенімін арттырып отыр. Словения құрамасының соңғы ресми кездесудегі жеңісі дәл Қазақстанға қарсы 2023 жылдың соңында болған еді, сондықтан олар «жеңісті сериясын» жалғастыруға дайын.
Жанкүйерлердің айтқан пікірлері:
«Аустриялықтармен жаңа маусымды орташа бастасақ та, енді қазақтарды жеңу керек»;
«Қазақтарды тек жеңу керек. Олар даласымен мақтануы мүмкін, бірақ футбол – ат жарысы емес. Ақыры жеңіске жететін кез келді»;
«Ойынның көрсетілімін күтемін, үйден жеңісімізді тамашалайтын боламын»;
«Қазақтар ертең тағы да қорғанысқа жабылады, әйтпесе 2:1 есебімен тағы да жеңіледі»;
«Олар біздің қақпаға жетеді ме екен, әлде тағы тең ойынға үміттене ме?»;
«Тағы да қазақтар. Бұрын ештеңе көрсете алмады, сондықтан бұл жолы жеңіске жететінімізге сенімдімін»;
«Ертеңгі ойында Қазақстанды ештеңе құтқармайды, Стожицеде оларды тозақ күтіп тұр».
Айта кетейік, Словенияда өтетін ойын бүгін сағат 23:45-те басталады.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)