Аударыспақтан қазақ батыры қырғыз спортшысын жеңді
60 кг салмақта сынға түскен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Ермек Құралбай алтын медальға ие болды, деп Dopmedia.kz Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында аударыспақтан Қазақстан құрамасының мүшесі Ермек Құралбай финалда Қырғызстан спортшысын жеңді.
"Жақсы дайындықпен келдім. Финалдағы қарсыласым – былтыр ат үстіндегі күрестен 60 кг салмақта чемпион болған қырғыз палуаны. Ел намысын қорғап, бірінші орын аламыз деп үміттенген едім. Сенімді ақтағаныма қуаныштымын", – деді Ермек Құралбай.
Айта кетейік, "Қазанат" ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен 64 спортшы тіркелді.
10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)