Олар есептеу жылдамдығымен сайысқа түсті
Бүгін, 9 қыркүйек күні сағат 09:09-да 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасы аясында Тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Көшпенділер ойындарының дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.
Қатысушылардың алғашқы жүрістері 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9 ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түсті. Уақыттың мұндай рәміздік таңдауы Тоғызқұмалақ күніне орайластырылып, Көшпенділер ойындары аясында өткізіліп отыр. 2020 жылдан бері бұл оқиға Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының бастамасымен аталып өтіледі.
Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық дирекциясының басшысы Наиль Нұров және ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев. Құттықтау сөзінде Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов бұл күні тоғызқұмалақ логикалық ойыны бойынша рекордтар орнатуға арналған маңызды шараның да өтіп жатқанын атап өтті.
"Сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін 150 мыңнан астам адам мектептерде, университеттерде, колледждерде және жұмыс орындарында өз тақталарын пайдалана отырып, блиц форматында тоғызқұмалақ ойнайды. Ал осы айтулы күнге орай тоғызқұмалақтың зияткерлік ойынының жиынтығы ашық ғарышқа жіберілді", – деді Әлихан Бәйменов.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)