Қазақтарды "шешіндерген" Шешко тарихқа енді Фото ашық дереккөзден. Суретте: Беньямин Шешко

Шешко Қазақстан қақпасына үш гол соққан еді

Словения ұлттық құрамасының шабуылшысы Беньямин Шешко Ұлттар лигасы аясында Қазақстанға қарсы матчта үш гол соғып, өз елінің футбол тарихына енді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Ойын кеше, 9 қыркүйекте Люблянада өтіп, алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті. Шешко бұл матчта 23, 28 және 63-минуттарда дәл соққылар жасап, Словения құрамасы тарихында хет-трик жасаған сегізінші ойыншы атанды.

«Словениялықтар өз алаңында ойын барысын бақылауда ұстап, қарсыластарына қарағанда әлдеқайда көп мүмкіндік жасады. Беньямин Шешко үш рет дәл соққы жасап, тарихқа енді. Енді Словения құрамасы келесі матчын 10 қазанда Норвегияға қарсы өткізеді», – деп жазды Maribor24.si.