Этноауылда түркиялық қолөнершілер қонақтарды таң қалдыруда
Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында Астана қаласында ұлттық Этноауыл қалашығы құрылды. Бұл ауылда әр елдің қолөнершілері мен өнерпаздары шеберліктерін паш етуде. Dopmedia.kz тілшісі Түркия Республикасынан келген қолөнер шебері Исмет Кетенмен әңгімелесіп қайтты.
- Қазақстанға қош келдіңіз, Исмет мырза! Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары жайлы қайдан білдіңіз?
Осыдан екі жыл бұрын, яғни 2022 жылы Көшпенділер Ойындары біздің Түркияның Изник қаласында өткен болатын. Сол кезден бері бұл дүбірлі додаға қатысты жаңалықтарды мүлт етпей қарап, іздеймін. Өте керемет шара! Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын!
- Қазақстанда ұйымдастырылып жатқан биылғы ойындарға келу идеясы қалай пайда болды? Қашаннан жоспарладыңыз?
Әзірбайжанның Бақу қаласында Өнер және Мәдениет ұйымымыз бар. Сол ұйым бізді Қазақстанға шақырды. Осылайша, Астана қаласына да келіп қалдық.
- Қазақ халқы жайлы не айта аласыз? Көрмені көруге келген қонақтармен тілдестіңіз бе?
Расында әр келген қонақпен әңгіме құруға тырысамын. Қазақтар өте қамқор халық. Біздің қолөнерімізге үлкен қызығушылық танытып, камераларымен фото және видеоға түсіріп жатады. Киіз үйге кіру үшін де рұқсат сұрап, әңгімелерін қал-жағдайымызды білумен бастайды.
- Көшпенділер ойындары аясында өтіп жатқан жарыстарға барып көрдіңіз бе?
Әрине! Қол күресі мен ат үсті күресін тамашаладық. Ең ауқымды шаралардың бірі- көкпарға бара алмадық. Біздің ұлттық құрама көкпардан бүгін бақ сынаған болатын.
- Ұйымдастыру комитеті сіздерге қандай ыңғайлы жағдай жасауда?
Біз таңғы 09:00-ден кешкі 17:00-ге дейін киіз үйдің ішінде көрмеде отырамыз. Таң ертең таңғы асымызды ішеміз. Түсте түскі асқа шығып келу мүмкіндігі қарастырылған. Ал, кешкі уақытта тағамдар қонақ үй тарапынан ұсынылады. Қазақтың ұлттық тағамдарының дәмін татқымыз келеді. Әзірге тек самсаларыңызды жеп көрдік. Өте дәмді!
-
14 қараша, 2024
Трамптың саяси триумфы: жаңа үкіметтің жоспары қандай?