Көкпар: қазақ пен қырғыз финалда кездеседі Фото ашық дереккөзден

Қазақ пен қырғыз текетіресі қашан болады?

Бүгін, 11 қыркүйекте көкпардан Қазақстан құрамасы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Ресей командасын жеңіп, финалдық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Елордадағы "Қазанат" ипподромында өткен бәсекеде қазақ көкпаршылары 18:2 есебімен басым түсті. 

Енді Қазақстан құрамасы ертең, 12 қыркүйекте финалда Қырғызстан командасымен кездеседі. Бұл ойын сағат 11:30-да басталады. Тікелей эфирді Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.