Жанкүйерлер спортшылардың киімдерін сынға алды
Қазақстандық спортшылардың Париж Олимпиадасына арналған киім үлгісі әлеуметтік желіде жан-жақты талқыға түсті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Париж Олимпиадасына арналған формаын киіп суретке түсіп, Instagram желісіне жариялады. Желі қолданушылары арасында дзюдошылардың киім үлгісі талқыға түсті.
«Ғарышкерлер сияқты көрінеді екен»;
«Спорттық киімге келмей тұрған секілді»;
«Сапасы қалай өзі? Ертең Парижге барғанда жыртылып жатпасын әйтеуір»;
«Киім өте әдемі. Спортшыларымызға сәттілік, жеңіс тілейміз! Көк туымызды көкке көтеріңдер!», – деп жазды желі қолданушылары.
Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Төртжылдық басты бәсекесінде Қазақстан атынан 80 спортшы бақ сынайды. Ел қоржынында 25 спорт түрінен 92 жолдама бар.