Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері өмірден озды olympic.kz

Білікті бапкер 88 жасқа толған шағында дүние салды

Грек-рим күресінен қазақтан шыққан Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері Ром Ильматов өмірден озды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

«Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ел спорттың жарқын жұлдызы, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің алғашқы бапкері Ром Ильматовтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтамыз. Ром Хасанұлы жоғары дәрежедегі ұлағатты ұстаз әрі адамгершілік қасиеті мол, жаны жайсаң, болмысы бөлек адам еді. Оның асыл мінезі мен жетістіктері баршамыздың жадымызда мәңгі сақталады», – деп жазылған федерация хабарламасында.

 

Ром Ильматов 1936 жылы ШҚО, Бородулиха ауданында дүниеге келген. Ол 26 ақпанда 88 жасқа толған болатын. Ал бапкердің шәкірті Жақсылық Үшкемпіров 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында грек-рим күресінен 48 кг салмақта белдесіп, чемпион атанған.

Сонымен қатар 1981 жылы өткен әлем чемпионатында топ жарған. Ол 1980 жылы Прьевидзеде өткен Еуропа чемпионатында күміс жүлдені қаныжғасына байлаған. 

    Көп оқылды: