Ол медалін сатып жібермек болғанын айтты
Париждегі Олимпиада ойындарының жүлдегері Назым Қызайбай "Әйгерім Сейфолламен сырласуда" телебағдарламасына берген сұқбатында ең алғаш медаль алған сәтін еске алды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Алғашқы медалімді Қазақстан чемпионатында Ермахан Ибрагимов таққан болатын. Сол кезде Ермахан ағамен суретке түсіп, ең бірінші жеңісім осындай. Бізге медаль табысталатын уақытта оны алтын деп береді ғой, не дегенімен, бірінші орын. Мен оны тағып алып, алтын деп ойлап тұрмын, негізі шынымен алтын екенін ол кезде білмейтін едім. Содан "мынаны ломбардқа өткізіп, ақшасын үйге көмек ретінде берсем" деген ой келді. Көмектескім келді. Медальдің құны алтындай болды. Сол кезде көзге көріндім. Уақытымнан ерте әйелдер арасында жұдырықтаса бастадым. Бір боксшыны жеңдім", – деді Назым Қызайбай.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)