Алматыда үстел теннисінен беделді турнир өтеді sportplustv.kz

WTT Youth Contender Almaty турнирі өтеді

Алматы осымен екінші мәрте үстел теннисінен WTT Youth Contender Almaty беделді біріншілігінің орталығы болмақ. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Биылғы бәсеке 27-30 шілде аралығында өтеді. Жүлделер барлық жас дәрежесі бойынша сарапқа салынады.

Бұл турнирге 17 елден 230 спортшы қатысады деп күтілуде. Оның ішінде Бельгия, Гонконг, Үндістан, Иран, Катар, Қытай Тайбейі, Қырғызстан, Моңғолия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Словакия, АҚШ, Түркіменстан, Түркия, Өзбекстан, Жапония елдері бар.

Айта кетелік, 11-19 жас аралығында өтетін жарыста үздік шыққан спортшыларға тек жүлделер ғана емес, әлемдік рейтингтегі ұпайларға да ие болады.