Бұл додаға 89 елдің спортшылар сынға түседі
Астанада қыркүйекте өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын қаржы көлемі белгілі болды. Аталмыш этно-спорттық додаға 8 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ. Бұл туралы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров мәлімдеді, деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі.
Дирекция басшысының хабарлауынша, 8-12 қыркүйек күндері өтетін бәсекеге әлемнің 89 елінен келген спортшылар 21 спорт түрінен сынға түседі.
«Көшпенділер ойындарына операциялық шығындар бойынша 5,7 млрд теңге жұмсалады. Бұл 2011 жылы өткен жетінші қысқы Азия ойындарының бюджетімен салыстырған 20 есе аз. Ал 2017 жылы Алматыда өткен Универсиаданың бюджеті бес есе көп еді. Аталған сомаға біздің қаржылық серіктестеріміз бен демеушілеріміз қосатын қаражат қосылады. Жалпы алғанда, операциялық бюджет шамамен 8 млрд теңгеге жуықтайды», – деді Наиль Нұров.
Айта кетелік, көшпенділер ойындары Астанадағы бірқатар спорт кешенінде ұйымдастырылады. «Қазанат» ипподромы, «Алау» мұз сарайы, «Астана-Арена» кешендерінде бесінші мәрте өткелі отырған дода көрермендерін қабылдайтын болады.