"Қырғыздар намысына тиді, балағат сөз айтты" – қазақ көкпаршысы Фото ашық дереккөзден

Абылайхан Нышанбеков дау-дамайдың себебін айтты

Көкпардан ұлттық құрама мүшесі Абылайхан Нышанбеков қырғыз көкпаршыларымен болған дау-дамайдың себебін түсіндірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

"Қырғызстанның шабандозы мәреге салым салған кезде біздің қорғаушымыз Ұлан Байтөреевке балағат сөз айтты. Намысына тиетін сөзден кейін ағамыз қамшы жұмсаған. Ойын барысында қағыс та, тартыс та, әртүрлі жағдай болады. Аттың үстінде жүргеннен кейін қызуқанды халықпыз ғой. Ойын барысында болған нәрсе, сол жерде қалды деп ойлаймын. Қазір қырғыз палуандары оны әлеуметтік желіге салып, талқылап жатыр. Бірақ біздің палуанымыз өздігімен барып тиіскен жоқ. Намысына тигеннен кейін қамшы жұмсаған", – деді Абылайхан Нышанбеков.

Айта кетейік, қырғыз көкпаршылары марапаттау кезінде жүлделерін тағудан бас тартып, тұғырдан түсіп, кетіп қалды. 

    Көп оқылды: