Харристің Трампты озып жетуіне әлі де мүмкіндік бар
АҚШ-тағы сайлауда шешуші болып саналатын құбылмалы штаттардағы жағдай белгілі бола бастады. Оған сай, үміткер Трамп алда келеді, алайда Харристің оны басып оқуға әлі де мүмкндігі бар, деп хабарлайды, Dopmedia.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Джорджия – дауыстардың 77%-ы саналып болды, Трамп 52,2%-бен алда, Харристің үлесі 47,1%. Атлантадан әлі дауыстар саналу керек, мұнда Харрис жақсы көрсеткіштерге ие, бірақ айырмашылықты қысқарту демократ кандидаты үшін өте қиын болады.
Солтүстік Каролина – дауыстардың 55%-ы саналған. Мұнда да Трамп алда, оның көрсеткіші – 51%, Харристің үлесі – 47,9%. Мұнда 3 миллионнан астам дауыс берілген.
Бұл екі штатта Трамп қазіргі уақытта фаворит болып отыр. Егер осы нәтижелерде үлкен өзгерістер болмаса, Харрис жеңіске жету үшін үш солтүстіктегі негізгі штатта жеңуі керек болады – бұл мүмкін болғанымен, өте қиын.
Харристің жеңіске жету мүмкіндігі Висконсин, Мичиган және Пенсильвания штаттарындағы жеңістерге байланысты.
Висконсин – бұл жерде 35% дауыс саналды, кандидаттар арасындағы айырмашылық минималды: Трамп – 49,6%, Харрис – 48,8%.
Мичиган – дауыстардың 17%-ы саналды: Харрис – 51%, Трамп – 47,2%.
Пенсильвания – дауыстардың 45%-ы саналды: Харрис – 49,7%, Трамп – 49,38%.
Бүған дейін Edison Research компаниясының АҚШ-тағы алғашқы ұлттық экзит-поллына сәйкес, бүкіл ел бойынша сайлаушылардың 44 пайызы Трампқа оң көзқараста екенін айтса, 48 пайызы Харристі қолдаған. Алайда АҚШ-тағы сайлауда экзит-полл сайлау нәтижесін түпкілікті болжай бермейді. Әрі бұдан бөлек те экзит-поллдар нәтижесі жариялануы мүмкін.