Бұл күнді де көрдік-ау: Месси жасыл алаңға оралды Фото: Tim Heitman / USA TODAY Sports / Reuters

Лионель Месси ұзақ үзілістен кейін алғашқы ойынын өткізді

Аргентиналық ойыншы Лионель Месси жарақатынан кейінгі ұзақ үзілістен соң жасыл алаңға оралды,-деп хабарлайды Dopmedia.kz тілшісі. 

Месси «Интер-Майами» командасының сапында «Филадельфия Юнион» клубының қақпасына екі мәрте гол соғып, дубль авторы атанды.

Айта кетейік, бұған дейін ойыншы ауыр тізе жарақатын алып, бірнеше айға ойыннан шеттетілген болатын.