"Тапқан табысының бәрі еміне кетеді": UFC аруы жантүршігерлік жағдайға жетті (фото) Фото ашық дереккөзден. Суретте: Ирен Альдена

Оған тіпті хирургиялық көмек қажет

15 қыркүйекте Лас-Вегастағы «Сфера» аренасында өткен UFC 306 турнирінде мексикалық Ирен Альдана мен бразилиялық Норма Дюмон арасындағы жекпе-жек күтпеген жарақатпен аяқталды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Жекпе-жек барысында Норма шабуыл жасап, Иреннің бетіне ауыр соққылар жасап жарақаттады.

Кездесу уақытша тоқтатылып, Иренді дәрігерлер тексеруге жіберді. Спортшы жарақатына қарамастан, жекпе-жекті жалғастыруға ниет білдірді. Алайда жарақат тереңдей түсіп, спортшыға хирургиялық көмек қажет болды.

Бұл жағдай UFC жанкүйерлері арасында қызу пікірталас тудырды. Ирен Альдананың Instagram парақшасындағы жазбаларда кейбіреулер әйелдерге аралас жекпе-жек турнирлеріне қатысуға тыйым салуды ұсынды. Бірақ жанкүйерлердің көпшілігі спортшының батылдығына қолдау көрсетіп, оны «нағыз жауынгер» және «Мексиканың батыры» деп атады.

Желі қолданушыларының кейбірі былай деп пікір білдірді:

"Оның барлық жалақысы ауруханалық шығындарға кетеді"; "Сен нағыз жауынгерсің. Мексиканың мақтанышы. Мен әрдайым сені қолдаймын, қымбаттым"; "Мұндайды тоқтату керек"; "Бұл дұрыс емес".

 

    Көп оқылды: