Ойыншылар мен жаттықтырушылар жалақыларын алмай жүр дейді
Қызылордалық "Қайсар" футбол клубында ойыншылар мен жаттықтырушылар жалақыларын уақытылы ала алмай жатыр деген мағлұмат тараған болатын. Бұл мәселе бойынша клуб ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
"Қайсар" футбол клубының қаржылық жағдайына байланысты республикалық спорт порталдарында жарияланған ақпарат негізсіз яғни шынайы ақпарат емес екенін жеткіземіз. Бүгінде клуб барлық қызметкерлерге, футболшылар мен жаттықтырушыларға уақытылы жалақы төлеп жатқанын хабарлаймыз.
Сонымен қатар "Қайсар" футбол клубы Премьер-лигада маусымды сәтті аяқтауына ешқандай кедергілер жоқ екенін баяндаймыз!", – делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, қазіргі уақытта "Қайсар" футбол клубы Қазақстан Премьер лигасының турнирлік кестесінде 25 ұпай еншілеп, 5-орында келеді.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)