Қос балуан да Олимпиадаға баруға лайық
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан балуан Әлішер Ерғали туралы пікір білдірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі "Спорт Министрі" Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Биылғы жылдың ақпанында өткен Қазақстан чемпионатында Әлішер Ерғали 14:10 есебімен Ризабек Айтмұханды жеңген болатын. Кейіннен Әлішер Ерғали Бішкекте (Қырғызстан) өткен күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Әбусайман Хабиладан басым түсіп, Олимпиада жолдамасын иеленді.
"Әлішер – ұлттық құрамадағы біздің үлкен ағамыз. Батыр ағамыз ұлттық құрамада бұрыннан бар. Ол кісі 2018 жылы мені Америкаға апарған. Екеуміз Америкаға барып, жастар арасындағы оқу-жаттығу жиынын өткізгенбіз. Сол кезде Әлішер мені апарды, рақметімді айтамын.
Бәсекелестік бар жер жақсы болады, екеуміз де өсеміз. Ақталу жоқ, Қазақстан чемпионатында таза ұтылдым. Әлішер лицензия алды.
"Ол да Олимпиадада бар күшін салды деп ойлаймын, бұйырғаны болды. Ол жағынан қатты ештеңе айта алмаймын, себебі адамдарға не десең де жақпайсың. Олимпиадаға мен барып, ұтылып қалсам: "Әлішерді апару керек еді", - деп жазатын жандар да табылады.
Әрине, әттеген-ай болды. Әр спортшы Олимпиадаға барғысы келеді. Олимпиаданы теледидардан көрген кезде күрескің кеп кетеді", – деп пікірін білдірді Ризабек Айтмұхан.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан Испанияда өткен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионатында қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанған болатын.
Сондай-ақ Ризабек Айтмұхан 2023 жылы Сербияның Белград қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлде иеленген болатын. Осылайша ол тәуелсіз Қазақстанның еркін күрес тарихында әлем чемпионы дәрежесіне жеткен тұңғыш балуан атанған еді.
-
27 қыркүйек, 2024
Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео)
-
27 қыркүйек, 2024
"Бұл Өзбекстан мен Бразилияның жеңісі": бас бапкер ерекше пікір білдірді
-
27 қыркүйек, 2024
Геннадий Головкин бас хатшысын тағайындады: ол кім? (фото)