Қазір көкпаршылар басқа жарысқа дайындалып жатыр
Қырғызстанның көк бөрі федерациясы Қазақстанға Ыстықкөл жағасында 1 қарашада қарымта матч өткізуді ұсынған. Алайда Қазақстанның көкпар құрамасы бұл матчқа қатыса алмайды, деп Dopmedia.kz тілшісі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«Федерация Ыстықкөл жағасындағы Келісім кубогына қатыса алмайды, өйткені көрсетілген күндерде басқа маңызды жарыстар жоспарланған. Қазіргі уақытта көкпаршылар сол ойындарға дайындық үстінде», – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 12 қыркүйекте көкпардан Қазақстан және Қырғызстан құрамалары Көшпенділер ойындарының ақтық кезеңінде жолдары түйісіп, қазақ көкпаршылары 5:4 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Сондай-ақ дәл осы күні көк бөріден де қос құрама кездесіп, қырғыз спортшылар 10:4 есебімен басым түскен болатын.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)