«Балаларымыз намаз оқымаса, бізге минус»: Абай Бегейдің әйелі сынға ұшырады Фото: ашық дереккөз

Абай Бегейдің әйелі балаларына діни тәрбие беретінін ашып айтты

Абай Бегейдің жары Фариза Жұманова өзінің сұхбатында балаларына діни тәрбие беретінін ашып айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

«Біздің бес уақыт намазымыз бар. Ал балаларымыз намаз оқымаса ол біз үшін үлкен минус. Амионкқа мен намаз оқимын, әкең намаз оқиды деп айтып отырамын. Намаз әр адамға парыз. Тақсырға да айтамын біз үлгі болайық, діни тәрбие берейік деймін. Сымбат та намазға өзі келді. Амина мен Сымбат құран оқи алады, құран сабағына бердік. Сосын Сымбат орамал тағайын деді. Сол кезде орамалдың ойыншық емес екенін айтып түсіндірдім. Мүслім, Мариям, Ибрагим әлі кішкентай. Бірақ мұсылмандардың балабақшасына барады. Ол жақта да дұға, Алланың 99 есімін үйретеді», — деді ол.

Осы тұста ол желі қолданушыларына жақпай қалды. Жазылған пікірлерге сүйенсек, әншінің екінші әйелі балалардың миын улап тастаған.

«Абай Бегейдің отбасын әбден улаған екен», «Қыздарды улап тастаған», «Намаз оқытып 16 жасында қыздарын күйеуге жібергенше оқытпайсың ба?», «Теріс діндегілер тақсыр деп сөйлеуші еді», «Ата-анаға минус дегенді бірінші рет естіп тұрмын», — деп жазды олар.