"Қажымұқан туар қыз": қайсар қыз ерекше күшімен көпшілікті сүйсінтті (видео) tiktok.com/@miraakhmetova06

Қазақ қызы ерекше күшімен көпшілікті таңдай қақтырды

Мира Ахметова есімді ауыр атлет әлеуметтік желіге өзінің күшін танытатын видео жариялап, көпшілікті таңдандырды, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Мира Ахметова есімді ауыр атлет Tiktok желісіндегі ресми парақшасына жариялаған видеодан жеңіл автокөлікті бірнеше метрге қарапайым арқанның көмегімен жылжытқанын көруге болады.

Сондай-ақ бұл оқиға ашық алаңда өтті. Мира Ахметованың осы бір өнерін көруге көп көрермен жиналып, спортшының күші мен төзімділігіне дән риза болды.