Қазақстан құрамасы қарсыластарын шаң қаптырды
Мажарстан астанасы Будапеште өткен шахмат Олимпиадасында Қазақстан әйелдер командасы өз тарихында алғаш рет күміс жүлде еншіледі, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Шахматтан Қазақстан құрамасы соңғы турда АҚШ-пен 2-2 есебімен тең түсіп, жалпы есепте 18 ұпай жинады. Ал Олимпиаданың фавориті Үндістан әйелдер мен ерлер арасындағы жарыста қарсылас шақ келтірмеді. Әйелдер құрамасында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Әмина Қайырбекова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман сынға түсті.
Айта кетейік, бүкіләлемдік шахмат Олимпиадасы 2 жылда бір өтеді. Осыған дейінгі турнир Үндістанның Ченнай қаласында өткен. Сол кезде Қазақстан әйелдер командасы (Бибісара Асаубаева, Жансая Әбдімәлік, Гүлісхан Нахбаева, Ксения Балабаева, Назерке Нұрғали) 352 ұпаймен үздік бестікті түйіндеді. Жансая Әбдімәлік 1-тақта бойынша қола жүлдегер атанған. Бұл осыған дейінгі ең үздік көрсеткіш болған.
Статистика:
Әйелдер құрамасы – 6-орын (2014 жылы Норвегия);
Әйелдер құрамасы – 8-орын (1996 жылы Армения);
Әйелдер құрамасы – 11-орын (1994 жылы Мәскеу);
Әйелдер құрамасы – 8-орын (1992 жылы Филиппин).
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?