Бокс әлемінің жұлдызы қазақ жігітіне ерекше қолдау білдірді
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай "Түнгі студия" бағдарламасына берген сұқбатында Головкин қалай жігерлендіргенін айтты, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
Боксшы финалдық бәсекеден соң Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенті Геннадий Головкинмен кездескен. Ол даңқты боксшының айтқан кеңесінен мотивация алғанын айтады.
"Финалда жеңілгеннен кейін Геннадий ағамыз келіп, "Нұрбек, бұл күмісті мен де алғанмын. Сол 2004 жылы мен алтын алғанымда мұндай болмаушы едім. Осымен тоқтап қалма" деп жігерлендірді. Осы сөздер маған мотивация сыйлап, көп демалмай, бірден жаттығуды бастайын деп жатырмын", – деді боксшы.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында 80 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрбек Оралбай финалда украиналық Александр Хижнякқа 2:3 есебімен есе жіберді.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?