Қазақ боксшылары 1979 жылғы әлем кубогында топ жарған
1979 жылы АҚШ-та өткен бокстан әлем кубогына КСРО құрамасы атынан қазақстандық боксшылар қатысқан. Осы әлем кубогында жеңіс тұғырына көтерілген қазақстандық боксшылардың есімдері кейіннен АҚШ-тағы әйгілі Madison Square Garden-дегі тақтаға жазылды, деп Dopmedia.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
АҚШ-та өткен әлем кубогында медальдар 11 салмақ дәрежесінде сарапқа салынды. Негізгі бәсеке АҚШ пен КСРО құрамалары арасында болды. Аталмыш турнирге қатысқан 3 қазақстандық спортшы да жеңіс тұғырынан көрінді.
60 кг салмақтағы финалдық бәсекеде Виктор Демьяненко америкалық Дейв Армстронгтан басым түсті. Ал 63,5 кг салмақта жұдырықтасқан Серік Қонақбаев финалда Лемуэель Степлсті жеңді. Ал бұл турнирже күміс медальді қазақстандық Камил Сафин (48 кг) еншіледі.
Серік Қонақбаев пен Виктор Демьянкенконың есімі Madison Square Garden-дегі мәрмәр тақтаға әлем кубогы жеңімпаздарымен бірге ойылып жазылған. Виктор Леондиович бұл мәрмәр тақтаны жеке өзі көрмегенін, алайда бұл ақпараттан хабардар екенін жеткізді. Сондай-ақ даңқты боксшы турнир қарсаңында Нью-Йоркте басынан өткен оқиғаны баяндады.
"Нью-Йорктегі қонақүйде КСРО құрамасы мүшелері лифтпен өз бөлмемізге көтеріліп келе жаттық. Кезекті қабаттардың бірінен бір топ америкалық боксшылар кірді. Кенет 75 кг салмақта жұдырықтасатын спортшы мені қалай ұрып құлатынын ыммен көрсетіп, тістерімді ұшырып жіберетінін де ишарамен көрсетті. Мен де көп ойланбай оған сол соққыларымды көрсетіп, соңында оны аяқпен тепкілеп тастайтынымды айттым. Осыны көрген қасымдағы жігіттер күлкілерін тыя алмай, мені арқамнан қаға бастады. Қорыта айтар болсам, олармен де достасып кеттік", – деді Виктор Демьяненко.
-
4 қазан, 2024
Әлімханұлы VS Михайлович: салмақтары жекпе-жекке сай ма?
-
4 қазан, 2024
Месси мен Роналду қайта кездеседі: Қашан?
-
2 қазан, 2024
Айбек Оралбай украиналық қарсыласын нокаутқа жіберді
-
30 қыркүйек, 2024
Футзалдағы жеңіліс. Толық анализ. Қазақстан-Аргентина (1:6)