Игита плей-офф кезеңінде Роналду жерлестеріне қарсы ойнайды
Футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңі қарсаңында Қазақстан құрамасының қақпашысы Лео Игита өз ойын ортаға салды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
– Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өтуіңізбенен құттықтаймыз. Өзбекстан қандай екен? Белгілі өзбек палауының дәмін татып көрдіңіз бе?
– Үлкен рахмет. Өзбекстан – тамаша ел. Біз көп уақытымызды Әндіжанда өткіздік. Қала әдемі, ал халқы өте қонақжай. Ха, палаудың дәмін татып көрдім, бірақ өкінішке қарай, қазіргі уақытта әлем чемпионатына байланысты мен арнайы диета ұстап жүрмін. Турнирден кейін өзбек палауын бір емес, бірнеше рет жейтін боламын (күледі).
– Құрама ойындарын қалай бағалайсыз?
– Менің ойымша, біз топтық кезеңде өте жақсы ойнадық, өз деңгейімізді көрсеттік. Өкінішке қарай, гол айырмашылығы бойынша екінші орынмен шықтық. Дегенмен топтағы көрсеткіштеріміз бізге плей-оффқа деген үміт береді. Енді өз шеберлігімізді әрі қарай дәлелдей беру керек.
– Осы турнирдегі ең қиын қарсылас қайсы деп ойлайсыз?
– Менің ойымша, турнир фавориті – Бразилия. Олар өте мықты команда. Сонымен қатар Испания, Португалия, Аргентина және Иран сияқты күшті құрамалар бар. Айтпақшы, бізді де «алтын» үшін күресушілер қатарынан шығаруға болмайды. Өкініштісі, Португалиямен өте ерте кездесетін болдық.
Айта кетейік, футзалдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңі аясында Қазақстан құрамасы 26 қыркүйекте Португалиямен кездеседі.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?