"Қайрат" Лига кубогында қалтасын қампитып алды: тапқан табысы қанша? sports.kz. Суретте: Қайрат Боранбаев

«Қайрат» өз ойыншысы үшін өтемақы алады

Алматылық «Қайрат» клубы Лига кубогының жартылай финалында елордалық «Жеңіске» пенальти сериясында есе жіберді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

«Жеңістің» қақпасын «Қайратқа» тиесілі Темірлан Анарбеков қорғап, матчтан кейінгі пенальти сериясында үш соққыны қайтарды.

Арендалық келісімшарт бойынша, алматылықтар Темірлан Анарбековтің «Қайратқа» қарсы ойнағаны үшін үш миллионнан бес миллион теңгеге дейін қаражат алады, деп хабарлайды Extratime.kz Telegram арнасы.

Айта кетейік, «Жеңіс» Лига кубогының финалында «Астанамен» кездеседі.