Данияр Елеусінов 3 күннен кейін шаршы алаңға шығады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов пен филиппиндік Джо Нойнай кездесу қарсаңындағы баспасөз конференциясында көз түйістіру рәсімін өткізді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.
IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпион Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) 28 қыркүйекте Алматыда All Stars Boxing кешінде филиппиндік Джо Нойнайға (23-4-2) қарсы кездесу өткізеді.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсанында Астанада аргентиналық Хуан Герман Лилмен өткізіп, төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетіп, жартылай орта салмақта IBO титулын иеленген болатын. Осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 11 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.
-
9 қазан, 2024
Спортшы Айша Уәлишанның құлдықта адам ұстағаны рас па?