"Өзбектерден үйренуіміз керек": өзбектер Қазақстан құрамасын ерекше қолдап жатыр (видео) Видеодан скриншот

Жан аямай қуанған өзбек комментаторы да көпшілікті сүйсінтті

Өзбекстанда футзалдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Осыған байланысты әлеуметтік желіде өзбек жанкүйерлерінің Қазақстан құрамасын белсенді қолдаған видеолары жаппай тарап жатыр, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Қазақстан құрамасының турнир фавориттерінің бірі – Португалиямен болған матчта өзбек жанкүйерлерінің қолдауы көрермендер тарапынан ерекше ықыласқа бөленді.

«Қазақ пен өзбек – бір туған», «Жарайсыңдар!», «Рақмет, Өзбекстан», «Біз де өзбектерді барлық жерде қолдауымыз керек», – деп жазды пікір білдірушілер.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалиямен ойнап, ойынның соңғы секундтарында Даурен Тұрсағұлов жеңіс голын соғып, есепті 2:1 қылды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.