Қазақтардан жеңілген Роналдудың жерлестері жылап қайтты (видео) Фото ашық дереккөзден. Суретте: Криштиану Роналду

Қазақстан әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Кеше, 26 қыркүйекте Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Қазақстан мен Португалия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

Бұл матчта Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның аяқталуына 14 секунд қалғанда Дәурен Тұрсағұлов қарсылас қақпасынан саңылау тауып, ұлттық құрамаға жеңіс сыйлады.

Матчтан кейін Португалия құрамасының ойыншылары көздеріне жас алып, алаңнан шығып кетті. Видео төменде.