Айғайлаған қазақтарға "Барыстың" бас бапкері біртүрлі көзқарас танытты (видео) instagram.com/barys_official. Суретте: Вячеслав Буцаев

«Барыстың» бас бапкері айқайлағандарға тосын реакция білдірді

"Барыс" хоккей клубының бас бапкері Вячеслав Буцаев баспасөз мәслихаты кезінде әлдекімдердің айқайлаған даусына ерекше реакция білдірді, деп хабарлайды Dopmedia.kz.

26 қыркүйекте Вячеслав Буцаевтың жетекшілігімен елордалық "Барыс" хоккей клубы өз мұз айдынында алғашқы ойынын өткізіп, "Сочи" командасын 1:0 есебімен жеңді.

Ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында сырттан қатты айқай естілді. Сол сәтте "Барыс" бапкері бұл жағдайға тосын реакция білдірді. "Барыс" хоккей клубының Instagram желісіндегі ресми парақшасында Вячеслав Буцаевтың реакциясы таспаланған видео жарияланған.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының Instagram желісіндегі ресми парақшасы да бұл видеоға: "Рақмет көп-көп! Бәріміздің эмоциямыз қазір сондай", - деп пікір жазып кеткен.

Айта кетейік, дәл сол "Барыс" пен "Сочи" ойыны аяқталғаннан кейін, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде 2021 жылғы әлем чемпиондары Португалияны 2:1 есебімен жеңіп кеткені белгілі болды. Бұл кездесу Өзбекстанның Әндіжан қаласында өткен болатын.