«Әуелі стадион мен алаңдарды салып алсын, сосын әңгіме айтсын» — Марат Быстров KFF

Ұлттық құрама ойыншысы күтпеген пікірмен бөлісті

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Марат Быстров көпшілік алдында таң қаларлық мәлімдеме жасады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

«Таксиге отырсаң, адамдар бірден "Сен менің ақшамды жеп отырсың. Біз сендерді өз салықтарымызбен асырап жатырмыз" деп жағымсыз пікір айтады. Бірақ, мен халықтың ақшасын жеп жатқан жоқпын. Мен мұны қалай істей аламын? Ресейде ешқашан мұндай пікір естімеппін. Бұл жақтың адамдары ешнәрсе түсінбейді. Неге? Себебі мұнда стадиондар мен алаңдар салынбайды. Алдымен соларды салып алсын, кейін футболистерге әңгіме айтсын»,-деді Быстров. 

Марат Быстровтың өмірбаяны жайлы біздің сайттан толығырақ оқи аласыздар. 

    Көп оқылды: